ТҰРҒЫНДАР МЕН БАҚ ӨКІЛДЕРІ НАЗАРЫНА!
WhatsApp мобильдік бағдарламасы арқылы «Қызылорда түрмесінен 17 адам қашып шығыпты» деген мазмұндағы ақпарат тарап жатыр. Біз өз тарапымыздан бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Облыс аумағындағы ахуал бірқалыпты, ешқандай төтенше жағдай орын алған жоқ және толық бақылауда.
Сонымен қатар, жалған ақпаратты тарату – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеміз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі