ҚУАНДЫҚ БӘКЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛДЫ
Үстіміздегі жылдың 21-22 қаңтар күндері Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде грек-рим күресінен 2000-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Биыл бірінші мәрте ұйымдастырылған турнир ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Қуандық Бәкеновті еске алуға арналды.
Жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің облыстарынан 16 команда, 205 спортшы 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпірұлы жарыстың құрметті қонағы ретінде қатысты.
42 келі салмақ дәрежесінде І орынды Әлішер Бейсенбай (Жамбыл) алса, 46 келіде қызылордалық Асхат Сағидулла топ жарды. Елу келі салмақта тағы бір жерлесіміз Қасымхан Мейрамбекұлы бірінші орын тұғырына көтерілді. Елу төрт келіде кілемге шыққандар арасында алғашқы орында алматылық Мәди Данелов тұр. 58 келі - Иса Исаев (Қызылорда), 63 келі - Рахат Сағымбай (Қызылорда), 69 келі - Ердос Рахмет (Қызылорда), 76 келі -Ғалымбек Нұрғали (Қызылорда), 85 келі - Еламан Аюп (Қызылорда), 100 келі - Эхтибар Мұртазин(Ақтөбе).