ӘЛЕМ АСТАНА КЕЛІССӨЗІНЕН ҮМІТ КҮТЕДІ
Астанада Сирия бойынша өтетін келіссөзден 320 шетелдік журналист хабар таратады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты.
«БАҚ өкілдері келіссөздер басында ғана фото және видео түсірілімге жіберіледі. Өйткені, оның негізгі бөлігі жабық режімде өтеді. Өздеріңізбен бірге байқап отырғанымыздай, қазіргі уақытта Астанадағы сирияаралық келіссөздерге (Астана процесі) халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығы өте жоғары. Жаһандық қауіпсіздік үшін сириялық дағдарыстың өзектілігін ескерсек, бұл барынша күтілген жайт», — деді ол.
Оның айтуынша, Астана процесінен хабар тарату үшін тіркелген шетелдік және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өте көп болды.
«Біз 320 шетелдік және 120 қазақстандық журналисті тіркедік. Олар Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Қазмедиа» ғимаратында арнайы ұйымдастырған баспасөз орталығында жұмыс істейтін болады. Дәл сол жерде кездесудің ашылу рәсімі тікелей көрсетіледі», — деді Василенко.