ҚАЗАЛЫДА ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Қазалы ауданында өткен жылы аудандық ономастикалық жұмысшы топтың 5 отырысы өткізіліп, онда 2 нысан, 1 аллея және 27 көшеге атау беру туралы ұсыныстар қаралған. Бұл туралы тұрақты кеңес мәжілісінде аудан әкімінің орынбасары А.Қаржаубаев мәлімдеді.
Әйтеке би кентінен 4 көшеге атау берілсе (Қани Медетбаев, Рахманберді Сабырбаев, Ағжап Өтемұратов, Мәдина Ерәлиева), Ү.Түктібаев ауылынан 1 көше (Айдай Жұбатырова) және Байқожа стансасынан 1 көше (Жалғасбек Байділдаев) атауға ие болды. Сондай-ақ, Әйтеке би кентінен 5 көшеге (Махамбет Әуезов, ағайынды Талқанбаевтар, Қанағат Ерниязов, Мағзаман әулие, Серікбай Сұлтамұратов), Ақжона ауылдық округінен 4 көшеге (Ібайдулла Қалниязов, Қожамберлі Байжанов, Махамбетжан Жеткербаев, Оңдалы Кітабалиев) атау беру жөнінде облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныс берілген.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Нажмадин Шамұратов аудан көлемінде тарихи географиялық атауларды сақтау, қалпына келтіру, идеологиялық тұрғыдан ескірген және мән-мағынасы жоқ атауларды қайта атау жұмыстарын жүргізіп, осы бағытта мониторинг жасауды тапсырды.