ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІК
Қызылордада «ТехноЛизинг» лизингтік компаниясы аймақтық филиалын ашты. Осыған орай өткен салтанатқа «ТехноЛизинг» ЖШС басқарушы директоры Юрий Ким, оңтүстік аймақ басшысы Зита Есжанова, «Даму» Қорының өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Бүгінгі таңда лизинг бизнесті дамытуға мүмкіндік беретін тиімді қаржы құралы болып табылады. Сан қырлы бизнес майданында белсенді жұмыс жасайтын кәсіпкерлерге лизинг компаниялары тиімді шарттармен қажетті құрал-жабдықтар мен техникаларды ұзақ мерзімдік құжат рәсімдеусіз сатып алуды ұсынуда. Бизнес өкілдері үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында лизингтік несиенің үстеме пайызын төмендету үлкен мүмкіндік болып отыр. Экономиканың басым секторында жұмыс жасайтын бизнес өкілдері 7% көлемде үстемені субсидиялауға қол жеткізе алады. Ауыл кәсіпкерлерінің лизингтік несиелерінің пайыздық үстемесі 10% көлемде субсидияланады.
Зита Есжанованың сөзінше, лизингтік несиенің ерекшелігі –оны рәсімдеудің қарапайымдылығы мен аз ғана уақыт ішінде шешім шығарылуында.
Қазалылық «АзияСтройЭнергоСервис» ЖШС компаниясы «ТехноЛизинг» арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 19 млн.теңге тұратын жүк тиеу мен түсіруге арналған манипулятор техникасын 14% үстемемен алды және оның 10% көлемін мемлекет өтейтін болады. Ал компанияның төлейтін үлесі 4% -ға тең.
Лизингтік несие туралы кеңес алу үшін кәсіпкерлер «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгінсе болады, сондай-ақ қайтарымсыз негіздегі қызмет аясында құжаттар рәсімдеу барысына да көмек көрсетіледі.