МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
21-22 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисі, елімізге белгілі қаржыгер Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын-футболдан облыстық турнир өтті. Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған жарысқа қаржы мекемелерінен 8 команда қатысып, үздіктері анықталды.
Камал Шөкенов аймақтың дамуына айтарлықтай еңбек сіңіріп, соңына өшпейтін із қалдырған азамат. Ташкент қаржы-экономикалық институтын тәмәмдап, қырық жылдан астам облыстың қаржы саласында еңбек етті. Аймақтағы талай буын қаржыгердің тәлімгері атанды. Шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген танымал тұлға «Қайсар» командасының жанкүйері еді.
Жарыс қорытындысында облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бірінші орынды иеленді. Ұлттық банк Қызылорда филиалының командасы екінші орынға ие болса, облыстық қаржы басқармасының командасы үшінші орынды қанағат тұтты.
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Нұржан Қалиев (мемлекеттік кірістер департаменті), «Үздік қорғаушы» - Нұрсұлтан Сұлтанбеков (экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы), «Үздік шабуылшы» - Дәурен Серғазиев (мемлекеттік кірістер департаменті), «Мерген ойыншы»- Кеңес Маханбетов (Ұлттық банк), «Үздік ойыншы» - Ерлібек Төлегенов (қаржы басқармасы) марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар мен номинация иегерлеріне диплом, кубок және ақшалай сыйлықтар табысталды.