ӨТКЕН ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жиында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жалпы алғанда былтырғы жылдың жақсы көрсеткіштермен аяқталғанын атап өтті. Барлық салаларда тұрақты даму көрсеткіші байқалады. Дегенмен, бұл жетістіктерге тоқмейілсімей, алда әлі де көптеген шаруаларды атқару міндеті тұр.
Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова жыл көлемінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Мұнай бағасының құлдырауына қарамастан облыс экономикалық даму деңгейін сақтап қалды. Атап айтқанда, 2016 жылы өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция тарту бойынша республика бойынша алдыңғы орынға шықтық.
Мал басы мен мал шаруашылығы өнімдерінің саны артып келеді. 2016 жылы да күріштен рекордтық өнім жиналды. Ауыл шаруашылығы саласындағы инвестиция көлемі 2,3 есеге өсті. Жыл ішінде экономика саласында 11206 жұмыс орны ашылды. Оның 9873-і – тұрақты жұмыс орны. Облыстың 3 ауданы көгілдір отынға қол жеткізді, сонымен бірге Байқоңыр қаласына газ құбыры тартылды.
Облыс орталығын жерасты суларымен қамтамасыз ету жобасы аяқталды. Көлік саласының барлық көрсеткішінде дамудың оң үдерісі байқалады. Жыл бойына 543,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16,8%-ға жоғары. Облыс бюджетінің көлемі 238,1 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 55,2 млрд. теңгеге артық.
Нәтижелер мен индикативтік көрсеткіштер туралы облыс әкімінің орынбасарлары Серік Сүлейменов, Евгений Ким, Серік Қожаниязов, Руслан Рүстемов өздері жетекшілік ететін салалар бойынша және Қызылорда облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Кеңейтілген отырыс қорытындысында облыс әкімі алдағы уақытта аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге байланысты нақты тапсырмалар берді.