АУЫЛ ХАЛҚЫ ӨТКЕН ЖЫЛЫ КҮРІШТЕН ЖАҚСЫ ӨНІМ АЛДЫ
Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінің әкімі Ә.Байнахатовтың 2016 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есепті кездесуі өтті. Есепті кездесуде әкім былтыр жүзеге асқан жұмысты кеңінен баяндап, биылғы жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ, Ә.Байнахатов жыл ауқымындағы табыстар тізбегінде ауылдық округтегі шаруашылықтар 2104 гектар күріш егіп, жақсы өнім алғандығын атап өтті.
Өткен жылдың тағы бір жағымды тұсы ауыл мектебін бітірген 12 түлек ҰБТ-ға қатысып, қазір олардың барлығы мемлекеттік грантпен білім алып жатыр.
Өткен жылдың тағы бір жағымды тұсы ауыл мектебін бітірген 12 түлек ҰБТ-ға қатысып, қазір олардың барлығы мемлекеттік грантпен білім алып жатыр.