ТАРТОҒАЙДАҒЫ ТОЛЫМДЫ ТАБЫС
2017 жылғы 20 қаңтарда Шиелі ауданы Тартоғай ауылдық округі әкімі Д.Сүйіндік тұрғындарға есеп берді.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы жылында Тартоғай ауылында ауыз толтырып айтатын толымды істер атқарылды.
Ауыл тұрғындары кәсіпкерлік саласын меңгеруді қолға алуда. 2015 жылы ауылдық округте 10 жеке кәсіпкер болса, 2016 жылы кәсіпкерлер саны 29-ға жетті.
Өткен жылы тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 38 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Елді мекендегі К. Бәйсейітова көшесі орташа жөндеуден өткізілді.
Былтыр ауылдың өзекті мәселесі - аяқ су мәселесі түпкілікті шешімін тапты. Р-7 каналы 404 пикеттен бастау алатын «Бәйгеқұм» каналының 24 шақырымы қазылып, 500 гектардай жерді суландыру жұмысы жүргізілді.