ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 57 ЕГІЗ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Қызылорда қалалық перинаталдық орталығында жыл басынан бері 57 жұп егіз дүниеге келді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Биылғы жылдың 9 айында 57 жұп егіз дүниеге келді, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 39 жұп егіз туылған. Бұл балалардың көбінің ата-аналары да егіздің жұптары. Тіпті бірнеше егіз баласы бар отбасылары да бар. Негізі бұл жағдай әйелдердің гормоналды препараттарды қолдануымен де байланысты болуы мүмкін. Әрі соңғы жылдары облыс орталығында туу көрсеткіші 3500-ден 7000-ға ұлғайған», - дейді орталықтың бас дәрігері Гүлнәр Жұмашева.
Бас дәрігердің айтуынша, егіздердің 60%-ға жуығы мерзімінен бұрын туылады екен.