МӘДЕНИЕТ АУЫЛЫНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨРКЕНДЕУДЕ
Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылдық округінің әкімі Ә.Әлсейітов халық алдында берген есебінде соңғы 4 жылда 33 ауыл тұрғыны «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 49 бас жылқы, 165 бас ірі қара малы сатып алынғандығын атап өтті.
Сондай-ақ, өткен жылдың тағы бір жаңалығы ауыл мешіті жаңа заман талабына сай күрделі жөндеуден өткізілді. Оның жұмыстарын «Жігер» шаруа қожалығының төрағасы С.Сарбасов жеке өз қаражаты есебінен жүргізген.