АУЫЛДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ
Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылдық округінде өткен жылы барлығы 66 адам жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде 41 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, 25 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.
Ауылымызда 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы өз нәтижесін беріп, 4 азамат несие алған болатын. Бүгінде олар өз кәсібін бастап, игілігін көруде, - дейді ауыл әкімі М.Нұртазаев халыққа берген есебінде.
Айта кету керек, өткен жылдың тағы бір жаңалығы елді мекендегі Абай көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған жол салынған.
Айта кету керек, өткен жылдың тағы бір жаңалығы елді мекендегі Абай көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған жол салынған.