А.ТОҚМАҒАНБЕТОВ АУЫЛЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
2017 жылы 20 қаңтарда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі Ғ.Алданазаровтың 2016 жылы атқарған жұмыстарының есебі бойынша кездесу өтті.
Ауыл әкімінің айтуынша ауылда өткен жылы 70 адам жұмыспен қамтылған. Оның 20-сы қоғамдық жұмысқа тартылса, 28 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Мүмкіндігі шектеулі 2 адам шаруашылыққа жұмысқа тартылып, 10 жұмыссыз тұрғын «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының 1 бағыты бойынша жұмыспен қамтылып отыр. Қазіргі таңда аталған бағдарламаның 2 бағыты бойынша кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 5 азамат несие алып, мал өсірумен айналысуда.
Жыл көлемінде «Сыбаға» бағдарламасы аясында 3 азамат несие алып, мал басын көбейтіп, асылдандыру үшін жұмыстар жасауда. 2016 жылы шаруашылық есебінен ауылдық клуб үйі, емхана, ауыл мешіті ағымдағы жөндеуден өткізіліп, мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин көшесіне темір шарбақ орнатылды. Ш.Мұнарбаев көшесіне тас төселіп, орташа жөндеуден өтті. Орталық аллея салынып, Абай көшесінің бойына 2 аялдама орналастырылды, - дейді ауыл әкімі.