АУЫЛДА ЕМХАНА САЛЫНУДА
Бүгін Арал ауданы Қаратерең ауылдық округі әкімі Қ.Жиенбаевтың 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті кездесуі өтті.
Ауылда мал шаруашылығымен айналысуға ниетті тұрғындар көп. Былтыр «Құлан» бағдарламасы бойынша несие алған жергілікті кәсіпкер К.Әбеков 13 бас жылқы алып, кәсібін бастады.
Сонмен қатар, округ бойынша өткен жылы орталық көшелер жарықтандырылса, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында ауыл ортасында жаңадан емхана салынуда .
Есепті кездесуде көпшілік мемлекет қолдауының арқасында жүзеге асқан бастамалар жайлы пікірлерін білдірді.