ОБЛЫСТА БЫЛТЫР ӨРТ ОҚИҒАСЫНАН 37 МЛН ТЕҢГЕ ШЫҒЫН КЕЛТІРГЕН
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ТЖД басшысының міндетін атқарушы С.Молдақараевтың мәлімдеуінше былтыр аймақта 511 өрт оқиғасы орын алып, 2015 жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға артқан. Келтірілген материалдық шығын 37 млн 249 мың теңгені құрады..
Сондай-ақ, тілсіз жаудың кесірінен 10 адам қаза болған, оның 3-і балалар. Тағы 20 адамның түрлі жағдайда жарақат алғандығы белгілі болды.
- Облыс аумағында 703 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелген. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 766 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 22 млн.теңгеден астам айыппұл салынды, - деді С.Молдақараев.