ӨҢІРІМІЗДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТАЛАП АРЫЗ БЕРУШІЛЕР САНЫ ӨСКЕН
Кеше Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыс соттарының 9 айда сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары бойынша баспасөз-конференциясы өтті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынды азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апеллияциялық сот алқасының төрағасы Қ.Адранов, қылмыстық істер жөніндегі апеллияциялық сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев, баспасөз қызметін үйлестіруші судья С.Ү.Баймаханов жүргізді.
Баспасөз конференциясында облыс соттарының 9 айда атқарған жұмыс қорытындылары талқыға салынып, қоғамдық пікір туғызған істер аясында әңгіме өрбіді. Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апеллияциялық сот алқасының төрағасы Қ.Адранов өз сөзінде: «Өңірімізде электронды талап арыз берушілер саны ұлғайып, «Сот медиациясы» аясында бітімгершілікке келген істер қатары көбейген. Сондай-ақ, «Сот кабинеті» электрондық сервисі кеңінен қолданыста» екенін айтып өтті.
Қылмыстық істер жөніндегі апеллияциялық сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев жаңадан қолданысқа енгізілетін заңнаманы журналистерге таныстырды.
Шынар БЕКБАН