ПСИХИАТРИЯ ЖӘНЕ НАРКОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСПЕК
Елімізде психиатрия және наркология қызметі қолжетімді бола түспек. Республика бойынша барлық емханаларда психиатр-нарколог бөлмелері ашылады. Мамандар бұл шара түрлі ауруларды бастапқы кезеңде анықтауға септеседі деген сенімде.
Енді психиатр және нарколог көмегіне жүгіну үшін арнайы ауруханаларға барудың қажеті жоқ. Маманнан кеңес аламын деушілер өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларға барса болғаны. Еліміздің әр емделу орнында психолог-нарколог бөлмелері жұмыс істейтін болады.
Жалпы, бұл өзгерістер кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сәйкесінше, оқу бағдарламасына да түзетулер енгізілмек.
Бүгінде еліміз бойынша психиатрлар тапшы. Сондықтан, жалақыны көбейту мәселесі көтерілуде. Оған қоса, қоғам белсенділері ақыл-есі кеміс жандарды қоғамға бейімдеу қажет дейді. Осыған орай, елімізде мүгедектер мен еріктілердің қоғамдық бірлестігі арнайы жоба әзірледі. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуды ұсынып отыр.
«Ақыл-ойы мешеу тұлғалардың саны 100 мың тұрғынға шаққанда 448,1-ге жетті. Сонымен қатар, 53 медициналық-әлеуметтік мекемеде - жабық интернатта 18 мыңға жуық адам оқшау өмір сүруде»,- дейді "Әлеуметтік жұмысшылар, мүгедектер және еріктілер қауымдастығы" ҚБ президенті Гүлнұр ХӘКІМЖАНОВА.
Елімізде 30-дан аса психиатриялық аурухана бар. Ресми статистикаға сәйкес, 300 мың адам, яғни Қазақстан халқының 1,8 пайызы психо-неврологиялық диспансерде есепте тұрады.