БАҚЫЛАУ КЕҢЕСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ
Қазақстандағы балалар үйлері жанынан бақылау кеңестері құрылады. Олар балалар үйлерінің қызметтеріне қоғамдық бақылау жүргізеді. Кеңестер құрамдары қоғамдық ұйымдардың, балалар құқығын қорғау қорларының, асырап алушы ата-аналар қауымдастығының, мемлекеттік басқару органдарының (оның ішінде құқық қорғау органы) өкілдерінен құралмақ, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Бақылау кеңестеріне бірқатар өкілеттілік беріледі. Балалар үйлерінің қызметі жайлы есептерді тыңдауға, олардың басшылығының іс-әрекеттерін қадағалауға, балалардың жағдайын дербес бағалап, олармен әңгімелесуге мүмкіндік беріледі. Бақылау кеңестерінің атқарған жұмыстары жайлы ақпарат Интернет- ресурстарда, оның ішінде балалар үйлері мен ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің ресми сайттарында жарияланады.
Жыл сайын Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны азаюда. Бұл – өз отбасына бала тәрбиелеуге ниетті ата-аналар санының көбейгенін көрсетеді. Елімізде көп жылдан бері алғаш рет жетім балалар санының төмендеуіне байланысты балалар үйі жабыла бастады. 2015 жылдан бастап 48 жетімдер үйі жабылды (жалпы саны 188-ден 140-қа дейін азайды).
Отбасылық форма тәжірибесін кеңейту мақсатында 2016 жылдың 9 сәуірінде еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі нәтижесінде жетім және қамқоршысыз қалған балалармен қарым қатынас жасаудың жаңа формалары енгізілді.