ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЖАҢА ҚАҒИДАСЫ
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Құқық қорғау қызметі туралы» заңдарына сәйкес, ішкі істер органдарына қызметке қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурс жарияланғанға дейін білім беру ұйымына оқуға түсетіндерді қоспағанда, ІІО-ға қызметке алғаш рет қабылданатын азаматтар Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалау сынағынан және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне арналған тестілеуден өтеді.
Тестілеу Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1 мекен жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ғимаратында өтеді.
Тестілеуге жазылу www.egov.kz интернет порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады.
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуіне арналған тестілеу оның өтінішінде көрсетілген құқық қорғау қызметі лауазымының санаты бойынша өтеді.
Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған үміткерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуіне арналған тестілеуден өткені туралы сертификат беріледі, ол тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы сертификаты болған және біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда ІІО кадр қызметі үміткерлерге олардың қызметке жарамдылығын айқындау үшін ІІО-ның әскери-дәрігерлік комиссиясына медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуге, сондай-ақ денешынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жолдама береді.