ХҚКО МОБИЛЬДІК ТОПТАРЫ БАЗАРЛАР МЕН ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ШЫҚТЫ
Бүгіннен бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарды уақытша тіркеу бойынша қызмет көрсету үшін оқу орындарын, базарлады және сауда орталықтарын аралайды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі.
«Уақытша тіркеліп үлгермеген азаматтар үшін ХҚКО-лардың мобильдік топтары ЖОО-ларда және сауда үйлерінде қызмет көрсететін болады. Онда мобильдік топтар инспекторлары электрондық цифрлық қолтаңба жазып, электрондық үкімет порталында уақытша тіркеуге өтініш ресімдеуге көмектеседі. Бұл шара барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылды», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – Мемлекеттік қызметтерді көрсету дирекциясының директоры Әсемгүл Балташева.
Естеріңізге сала кетсек, азаматтарды уақытша тіркеу қызметін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асыруға болады. Қызмет «Азаматтық, миграция және иммиграция» тарауында қолжетімді. ХҚКО қызметкердері азаматтарға уақытша тіркеуге өтінімді ресімдеуге көмектеседі, бұл ретте меншік иесі (біреу немесе бірнешеу) ЭЦҚ арқылы өз келісімін растауы тиіс, одан кейін өтінім тіркелушінің жеке кабинетіне қайтып келеді. Ол онлайн режимінде мемлекеттік баж салығын төлеуі қажет және өз өтінішіне ЭЦҚ арқылы қол қоюы қажет. Уақытша тіркелгенін мекенжайын тексеру үшін азамат мекенжай анықтамасын ала алады.

Қызылорда қаласында халыққа электрондық цифрлық қолтаңба беру үшін
мемлекеттік корпорация мамандары баратын сауда нүктелері, базарлар, оқу орындары т тізімі.
1.«Жібек жолы»сауда орталығы 2. «Жайна»сауда орталығы 3.«Акжан»сауда үйі 4.«Сырадрия»сауда үйі 5. «Болашақ» университеті 6. «Қорқыт ата»университеті |
Қызылорда қ.,Байтұрсынов к/сі, 49
Қызылорда қ., Казантаев к/сі
Қызылордақ., Токмаганбетов к/сі
Қызылорда қ., И.Журба к/сі
Қызылорда қ., Абай даңғылы, 31
Қызылордақ., Әйтеке би даңғылы, 29 А |