МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА БАЯНДЫ ТІРЛІККЕ ЖОЛ АШТЫ
Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық округінің әкімі С. Есдәулетов былтырғы жыл белесінде атқарылған жұмыстар жайлы елге есеп берді.
Өткен жылғы жұмыстар жайлы баян еткен ауыл басшысы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 5 шаруа қожалығы несие алып, асыл тұқымды мал шаруашылығын өркендетіп отырғанын жеткізді. Түлігі көбейген шаруа қожалықтарынан ауылдың 38 тұрғыны тұрақты жұмыс тапқан.
Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында елді мекендерді дамыту шеңберінде орталық көшелерге темір шарбақтар орнатылды.
Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында елді мекендерді дамыту шеңберінде орталық көшелерге темір шарбақтар орнатылды.