КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ КӨМЕГІ КӨП
Арал ауданындағы Сексеуіл кенті әкімінің міндетін атқарушы М.Рсалиева тұрғындарға былтыр атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.
Қазіргі мәлімет бойынша Сексеуілде түрлі кәсіппен айналысып отырған тұрғындар саны 340-қа жеткен. Бизнес өкілдері былтыр 2 нысанды пайдалануға беріп, онда 11 адам тұрақты жұмысқа тартылыпты. Сонымен қатар, өткен жылы А.Еңсепованың 160 орындық «Алма-Рай» атты балабақшасы балғындарға есігін айқара ашты.
Жалпы кент бойынша «Жұмыспен қамту -2020 Жол картасы» бағдарламасына сәйкес өткен жылы 5 адам несие алған. Есепті кездесуге белсенді қатысқандар іске асқан жұмыстар жайлы ой-пікірлерімен бөлісті.
Жалпы кент бойынша «Жұмыспен қамту -2020 Жол картасы» бағдарламасына сәйкес өткен жылы 5 адам несие алған. Есепті кездесуге белсенді қатысқандар іске асқан жұмыстар жайлы ой-пікірлерімен бөлісті.