ҚАНЖЫҒАДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ
Қызылорда қаласындағы №9 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей- интернатының оқушысы Анарбай Қуаныш Алматы қаласында өткен Халықаралық Жәутіков атындағы олимпиадада қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Лицейдің 11 сыныбында оқитын дарынды шәкірттің бұған дейін де бағындырған биігі аз емес. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде алтын, республикалық кезеңінде қола медаль алған. Халықаралық Азия-Тынық мұхиты, «Жібек жолы» олимпиадаларының алтын медаль иегері. Одан бөлек, қоржынында ХХІІІ «Туймаада» халықаралық олимпиадасының күміс жүлдесі бар.