ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚИМЫЛЫ ШИРАДЫ
Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округінде де есеп беру кездесуі өтті. Округ әкімі Ө. Әбдікәрімов өткен жылы атқарылған жұмыстар барысын баяндап, алдағы міндеттерге тоқталды.
Ауылдық округте 567 гектардан астам суармалы жер бар. «Досбол би» ЖШС мен «Сейітжанов» шаруа қожалықтары 360 гектар күріш, 10 гектар жаздық бидай, 52 гектар бақша өнімдерін егіп, жеткілікті өнім алды. Шаруа қожалықтары 40 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Ауылдық округтегі «Береке» балабақшасы 60 баланы өз көлігімен тасымалдап, 8 адамды жұмыспен қамтуда. Тұрмысы төмен 6 балаға тегін қызмет көрсетеді.
Ауылдық округтегі «Береке» балабақшасы 60 баланы өз көлігімен тасымалдап, 8 адамды жұмыспен қамтуда. Тұрмысы төмен 6 балаға тегін қызмет көрсетеді.