МИЯ ЗАУЫТЫ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН БЕРЕ БАСТАДЫ
Осыдан 4 жыл бұрын мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста мия зауытын салу үшін 8,75 гектар жер бөлініп, келесі жылы Жалағаш ауданынан қызыл мия егуге 6 мың гектар жер берілген еді.
Жаңа бастама бойынша алғашқы сынама өнім алу кезінде кейбір қондырғылардың жетіспеушілігі байқалды. Бұл қытайлық әріптестер тарапынан зауыттан қондырғыларды жеткізу кезінде жіберілген қателік екендігі де анықталды. «Бис групп» ЖШС мен қытайлық «Борихунда» компаниясы арасындағы бір жарым жылға созылған келісім негізінде зауыт жұмысы қайта қолға алынды.
Биылғы жыл басынан бері зауыттан шыққан алғашқы 20 тонна өнім Қытай еліне жөнелтілді. Бүгінде зауытта 50 адам жұмыс істеп жатыр.
Биылғы жыл басынан бері зауыттан шыққан алғашқы 20 тонна өнім Қытай еліне жөнелтілді. Бүгінде зауытта 50 адам жұмыс істеп жатыр.