АУЫЛҒА «АҚБҰЛАҚ» ЖЕТТІ
Кеше Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі әкімі Б. Баймағанбетов 2016 жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндап, тұрғындарға есеп берді.
Ауылда түлік саны көбейіп келеді. Қазіргі мәлімет бойынша округте сиыр 1459, уақ мал 850, жылқы 455 басқа жетіп отыр. Жылқы және мүйізді ірі қара саны өткен жылға қарағанда көбейген.
Былтыр «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Алмалы ауылында таза су құбырлар барлық үйлерге тартылып, іске қосылды.
2016 жылы 61 адам жұмыспен қамтылды. Оның 49-ы тұрақты жұмысқа орналасса, қоғамдық жұмысқа 12 тұрғын тартылды.