БІР АУЫЛДА 25 КӘСІПКЕР
Бүгін Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі Б.Тұңғышбаев 2016 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жайлы тұрғындарға есеп берді.
Айта кетерлігі, ауылда шағын кәсіпкерлік дамып келеді. Мысалы, түрлі өнім өндіру, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мақсатында округ бойынша 25 кәсіпкер жұмыс жасайды.
Былтыр «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытымен 3 адам мал өсіру мақсатында несие алып, өз ісін бастады.
Сондай-ақ, Мақпалкөл – Мәдениет тас жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және төрт түліктің өрісін кеңейту үшін «Ер-Әлі» шаруа қожалығы өз қаражатына оңтүстік коллекторға көпір салып берді.