СЕКСЕУІЛ КЕСУГЕ ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2018 жылға дейін ел аумағында сексеуіл кесуге тыйым салынған болатын. Осыны негізге алған Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полициясы 2017 жылдың басынан бастап рейдтік іс-шаралар жүргізді. 16 қаңтар күні Шиелі ауданы аумағында 1988 жылы туған азаматтың басқаруындағы «Зил-57» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында автокөліктің жүксалғышынан тиелген сексеуіл ағашын анықтайды.
Сонымен қатар, Сырдария ауданы, Бесарық ауылының кіре берісінде тоқтатылған ГАЗ-53 маркалы автокөлігінен сексеуіл ағашы алынды.
Аталған 2 дерек бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Азаматтардың кінәсі дәлелденген жағдайда, оларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейін айыппұл салынады немесе екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.