БИЫЛ ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Облыс бойынша өткен жылы 16 мыңнан астам адамға тұрмысы төмен азаматқа, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға 212 млн теңге көлемінде қайырымдылық көрсетілді. Оның басым бөлігі бюджеттен тыс қаражат көздерінен, демеушілер, мекеме мен ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылды, деп мәлімдеді Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Аманжол Алдажаров Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, өткен жылдың басты оқиғасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік шапағаты» қайырымдылық айлығы аясында 4451 адамға 72, 7 млн теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілген.
-Биыл елімізде жаңа бағдарлама «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы іске асырылатын болады. оны жүзеге асыруға 3,7 млрд қаржы бөлініп отыр. 3 бағытта жүргізілгелі отырған жаңа бағдарлама жаппай оқыту және кәсіпкерлік арқылы нәтижелі жұмыспен қамту үшін кірістердің өсуіне жағдай жасауды көздейді. Осы ретте шетелдерден жоғары білікті жұмыс күшін тартуды рәсімдеу шаралары жеңілдетіледі. Сонымен бірге, шетелден жұмыс күшін тартуға келісім алу үшін жұмыс берушілер салық төлейтін болады. Оның көлемі шақырылған жұмыскердің санаты мен жұмыс істейтін саласына қарай сараланбақ, - деді басқарма басшысы.
Фариза ОМАРОВА