ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СПОРТШЫЛАР 5 МЛН ТЕҢГЕ ШАМАСЫНДА СЫЙАҚЫ АЛАДЫ
Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Универсиадада жеңіске жеткен спортшылар 5 млн теңге шамасында сыйақы алатынын хабарлады, деп жазды http://24.kz.
Нақтырақ айтқанда, 1-ші орын алған спортшыға 4 млн 900 мың теңге, 2-ші орын алғандарға 3 млн 300 теңге, ал 3-ші орын үшін 1 млн 600 мың теңге табысталады. Бұл туралы аталған шараға әзірлік барысына арналған ҚР Үкіметі отырысында белгілі болды. Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы қазіргі кезде Универсиадада өнер көрсету үшін студенттердің құрама командасын дайындаудың соңғы кезеңі жүріп жатқанын баяндады. Осы мақсатта спортшылардың даярлық, жарыс және қалпына келтірудің жоспарланған кезеңдерінің орындалуын қамтамасыз ететін мамандар мен жаттықтырушылар бригадалары жұмыс істейді. Бүгінгі таңда шараға қатысатын командалардың құрамы анықталған. Универсиадаға Қазақстан атынан жарыс бағдарламасына енген барлық спорт түрлері бойынша 168 спортшы мен 65 жаттықтырушы қатысады. Оқу-жаттығу үрдісінің кестесіне сәйкес, құрама командалар медициналық бақылаумен қамтамасыз етіледі. Универсиада кезінде Қазақстанның құрама командасына Республикалық спорт медицинасы мен оңалту орталығының 12 маманы және қосымша қысқы с порт түрлері бойынша республикалық федерациялардың мамандары қызмет көрсететін болады. Айта кету керек, Қазақстан он екі Бүкіләлемдік Универсиадаға қатысқан, онда 44 медальге ие болған, олардың 18 алтын, 13 күміс, 13 қола.