ЖАСОТАНДЫҚТАР ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Сәтті қадам» партиялық жоба аясында «Жас маман!» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды nurotan.kz.
Дөңгелек үстелге жасотандықтармен қатар, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғабит Аяпбергенов, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары, бітіруші түлектер қатысты. Жиын модераторы «Жас Отан»ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Абылайхан Сабанбаев өңірде жүзеге асып жатқан «Сәтті қадам» жобасына кеңінен тоқталды.
Ол өз сөзінде 2015 жылы жоба аясында 2 түлек қана тұрақты жұмысқа орналасқандығын айты. Сондай-ақ 2016 жылы облыста барлық ЖОО және ОАОО бойынша 112 тұл және жартылай жетімнің 80-нен астамы ғана іс - тәжірибеден өтіп жатыр.
Жиын барысында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева хабарлама жасады. Хабарламада облыстағы жастардың жұмыспен қамтылу көрсеткіштері, қайта оқудан өткен жастар жөнінде, мамандықтар бойынша көрсеткіштері айтылды. Мәселен, басқарма басшысы орнбасарының айтуынша, өткен жылы жұмыспен қамту органдарына 32847 азамат хабарласып, 16518 азамат жұмысқа орналасқан. Олардың 8334 жастар. «Қоғамдық жұмыстармен қамтылған 2438 жас маманға 367,6 млн.теңге төленді. 3,5 млн. теңге қаржыға 297 жас кәсіптік даярлау курстарына жіберілген.
Жиын соңы ерікін пікір алмасу, талқылауға айналды. Дөңгелек үстел қатысушылары жоспарлы түрде, бірлесе жұмыс жасауға бекініп тарқасты.