АРАЛДА ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арал қаласында орналасқан Барсакелмес қорығының мемлекеттік мекемесінде БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын жобалар талқыланды, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
БҰҰ-ның сарапшылар тобы мен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мамандары ұйымдастырған семинар-тренингке облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, барлық дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, мекеме, кәсіпорын, медицина саласының басшылары, аудан кәсіпкерлері қатысты.
Семинарда аудан басшысы М.Оразбаев Аралдың өткені мен бүгінгі жағдайын баяндап өтті. Келелі мәселелерді талқыға салған жиында БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілдері тұрақты даму саласындағы талдаушы, саясаткер Михаил Пелях, ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы маманы Мұрат Нарқұлов, «Астана-Жобасы» ЖШС аймақтарды талдау және дамыту бөлімінің меңгерушісі Азамат Күйшіғарин мен Қызылорда облысы бойынша БҰҰДБ-ның шағын және орта бизнес жобаларын әзірлейтін маман Қанатбек Зертүймеев өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.