ТЕГІН КОНСАЛТИНГ – КӘСІПКЕРГЕ МҮМКІНДІК
«Даму» Қорының облыстағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) бірнеше жыл қатарынан бизнесті жүргізу бойынша тегін кеңестік қызмет көрсетіп келеді. Орталық жұмысының нәтижелілігі кәсіпкерлер арасында сұраныстың жоғары болуына тікелей байланысты болып отыр. Атап айтқанда, 2016 жыл ішінде КҚКО кеңесшілері кәсіпкерлерге 8183 қызмет көрсеткен.
Гранттық қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға екінші деңгейлі банктер мен БҰҰ Даму бағдарламасы аясында несие алуға, сондай-ақ «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен жеңілдетілген несие қаржатын тартуға кәсіпкерлерге тегін 83 бизнес-жоспар жасалды.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кеңестік-ақпараттық қолдаумен қатар, тұрақты түрде тегін оқыту семинарларын ұйымдастыру жолға қойылған. Өткен жылы КҚКО базасында түрлі тақырыптар бойынша 100-ге тарта тегін семинар өтті. Тәжірибелі бизнес-тренерлер өткізген тренинг – семинарларда қатысушылар өздері үшін маңызды ақпара алып, практикалық тапсырмалардың шешімін табуға да машықтанды.
Кәсіпкер Жұматай Қалима бизнесі «Даму» Қоры КҚКО көмегімен бастаған жанның бірі.
- 53 жасымда бизнес бастап, ұлттық тағам түрлерін шығаруды қолға алдым. Мұның барлығы «Даму» Қорының КҚКО келіп, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндіктері жайында кеңес алудан басталды. Кеңесшілермен өз идеяммен бөліскеннен кейін, олар маған жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге көмектесті және бизнес-жоспар жазып, өз бизнес-идеямды жүзеге асыруға қайтарымсыз грант ұтып алған гранттық қаржыландыру бағдарламасына қатысу үшін құжаттар пакетін жинауға жәрдемдесті. КҚКО заңгері және бухгалтері маған бизнесімді жүргізуге көмек беруде және осының барлығын тегін жасады, - дейді Жұматай Қалима.
«Даму» Қорының кеңесшілері банк пен кәсіпкер арасындағы жалғастырушы буын болып отыр. Бизнес өкілдеріне кеңес түрінде ғана емес, сонымен қатар қаржыландыруға дейінгі сүйемелдеу қызметін де көрсетуде.