СЫР БАЛЫҒЫНА СЫРТТАН ДА СҰРАНЫС КӨП
2016 жылы облыс бойынша балық аулау лимиті 7883 тонна болып белгіленсе, соның 90 пайызы Кіші Арал теңізінің үлесінде. Осының нәтижесінде өткен жылы 7200 тонна балық ауланып, балық өнімдерінің экспорты соңғы төрт жылда 5 есеге артқан.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде сала басшыларының қатысуымен өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов мәлімдеді.
«2016 жылы облыс кәсіпкерлері ресейлік әріптестерімен бірлесіп, Ресейдің Ульяновск облысының Дмитровград қаласында балық өңдеу зауытын ашып, Арал балығын өңдеуде. Сонымен қатар, аймағымызда жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс жасауда. Осының нәтижесінде соңғы төрт жылда балық өнімдерінің экспорты 5 есеге артты. Атап айтқанда,
2015 жылы 1735 тонна балық өнімдері экспортталса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3604 тоннаға жетті» - деді басқарма басшысы.

Айта кетерлігі, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының бірінші бөлігінің жүзеге асырылуы нәтижесінде Арал өңірінде балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндіктер жасалған. Осының арқасында бүгінгі күні балықтың 23 түрі теңізге қайта оралып, балық аулау көлемі 400 тоннадан 8000 тоннаға дейін ұлғайған.