ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Кеше Шиелі ауданы Телікөл ауылдық округі әкімі Ә.Сәрсенбаев ауыл тұрғындарына былтырғы жыл есебін берді.
Ауылда «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының І бағыты бойынша 41 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, оның басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, биыл маусымдық жұмыспен қамтылғандар қатары да өсті.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 683 млн. теңге бөлініп, 300 орындық жаңа мектеп ғимараты мамыр айында пайдалануға берілді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 683 млн. теңге бөлініп, 300 орындық жаңа мектеп ғимараты мамыр айында пайдалануға берілді.