ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛДІ
Облыс аумағында ауа райының күрт сууы салдарынан осы жылғы 9,10 және 11 қаңтары күні электр желілерінде мұзды қырау пайда болып, желілердің үзілу жағдайлары орын алғаны белгілі. Қалыңдығы 10 сантиметрге дейін қатқан мұздан Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағы нысандарына электр таратуда іркіліс пайда болды.
Осыған орай 9,10 және 11 қаңтары күні «KEGOC» АҚ-ның ВЛ 220кВ Л-2029 (Құмкөл), «КРЭК» АҚ ВЛ-110 кВ Л-105К, Л-107К (Арал және Қазалы аудандары) ГУП ПЭО «Байконурэнерго» ВЛ-110 кВ, ВЛ-35 кВ (Байқоңыр қаласы) желілері арқылы жарық беру тоқтатылды.
«KEGOC» АҚ апаттық өтініміне байланысты 2017 жылдың 11 қаңтарында ВЛ-220 кВ Л-2029 (Құмкөл) желісіне жөндеу жүргізілді, ал «Байқоңыр» кешенін электрмен жабдықтау жүйесі Л-2019 желісі арқылы реттелді.
Сала мамандары орын алған апатты аз уақыт ішінде жойып, «Байқоңыр» кешені электрмен қамтамасыз ету жолға қойылды, ол бүгінде «сақина» желісі бойынша жұмыс жасауда,-деп хабарлайды ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының мамандары.