ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАДА 34 АЗАМАТ ӘКІМШІЛІК ҚАМАҚҚА АЛЫНҒАН
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша 2017 жылдың қаңтар айының 15 күнінде Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің Әкімшілік қамау орнына барлығы 34 азамат сот қаулысымен қамаққа алынған.
Нақтырақ айтсақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабында жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткелік және уытқұмарлық масаң күйінде басқаруға тыйым салынады делінген. Алайда есепті мерзімде аталған талаптарды орындамай, заң бұзушылықтарға бару деректері тыйылмай отыр. 15 күннің өзінде көлік құралын алкогольдік, уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін 4 азамат сот қаулысымен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған болатын.
Мәселен, рейдтік жұмыстар барысында полиция қызметкерлері «Аudi 80» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүргізушісінің автокөлік басқаруға құқығы жоқ екендігін, сонымен қатар, көлік жүргізушісі алкогольдік масаң күйде екендігін анықтады. Тиісті сараптамалар тағайындалып, құқық бұзушы сот қаулысымен әкімшілік қамаққа алынған.
Сонымен қатар, сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, атап айтқанда қоғамдық орындарда былапыт сөйлеп, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, қоғамдық орындарды ластап, абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 8 азамат қамаққа алынса, 2 азамат отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін 2-4 тәулікке сот қаулысымен қамалған.
Мәселен, 09.01.2017 жылы сағат 18:30 шамасында Тасбөгет кентінің тұрғыны әйеліне қарсы балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, қорлап, тиіскені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігіне сәйкес сот қаулысымен 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.