ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірге 2017 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында салықтық әкімшілендіру мен мал дәрігерлік қадағалау (ветеринария) саласына қатысты сыбайластық пен құқық бұзушылық жасауға итермелейтін жайттарды анықтау мақсатында қоғамдық мониторинг өткізілуде. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық мониторинг ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетінің аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдарға қарасты ветеринария саласындағы ұйымдардың қызметіне қатысты жүргізілетін болады.
Қоғамдық мониторинг барысында келесі мәселелер зерттелетін болады:
- салықтық әкімшілендіру мен ветеринария саласы бойынша рұқсат беру құжаттарын беру мен мемлекеттік қызмет көрсету барысы;
- салық органдарының тақырыптық немесе кешендік тексерулерді тағайындау немесе жүргізу барысы;
- ветеринар инспекторлар мен дәрігерлердің нысандарда негізсіз тексерулер жүргізуі;
- ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды әкелу/әкету (ЕЭҚ-ның ветеринарлық сертификаттары);
- адал ниетті төлемшілердің «жалған кәсіпорындармен» жұмыс барысында жасаған келсімідер бойынша салық сомаларын төлеу мәселесі;
- салықтық әкімшілендіру саласында әкімшілік жазаны қолдану;
- кәсіпкерлік субъектілеріне хронометражды тексеру жүргізу;
- акцизделетін тауар айналымдары т.б.мәселелер.
Осы ретте, бұл салаларға қатысты айтарларыңыз болса, қоғамдық мониторинг барысында ескеруге әзірміз. Сондай-ақ, салықтық әкімшілендіру мен ветеринария саласындағы ұйымдардан құжаттар алу барысында кедергілерге кездескен бизнес өкілдеріне Кәсіпкерлер палатасына келулеріңізді сұраймыз. Палата сарапшылары аталмыш құжаттарды алу бойынша толықтай сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен бірге, аталмыш салаларға қатысты кәсіпкерлердің заңды құқығын бұзу фактілері орын алған жағдайда да бізге хабарласыңыздар. Мәселелеріңізді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, прокуратура және өзге де мүдделі органдармен бірге қарап, тиісті шара қабылданатын болады.
Қосымша туындаған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлеріңізді төмендегі мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз.
i.kim@palata.kz, a.kaiupova@palata.kz,
z.amirova@palata.kz.
Тел: 8-777-423-43-43; 8-700-456-30-90, 8-701-112-64-88