АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚОЛДАУ АРТЫП КЕЛЕДІ
Бүгін Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылдық округінің әкімі Н.Жонтаев тұрғындар алдында 2016 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы атқарылатын міндеттер бағытын баяндады.
Өткен жылы ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен 8 млн 963 мың 943 теңгеге С.Айтуаров және Ә.Досымбетов көшелеріне тас төселді. "Өңірлерді дамыту” бағдарламасы арқылы бөлінген 1 млн. 491 мың теңгеге Бұқарбай батыр көшесінің аяқ су арықтары қайта қазылып, темір қоршаулар орнатылды. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы 3 жас маман тұрғын үй алған. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасының екінші бағыты бойынша "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ несие серіктестіктегі арқылы 4 адам, барлығы 6 млн. теңге несие алып, мал шаруашылығымен айналысып жатыр. Кездесу барысында ауыл тұрғындары 2016 жылға атқарылған жұмыстарға оң баға берді.