ШӘМЕНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ
Жалағаш ауданы М.Шәменов ауылдық округінің әкімі Ғ.Сүлейменов ауыл тұрғындарына былтыр атқарған жұмыстарының есебін берді.
Өткен жылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы екі азамат 6 млн. теңге несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда. Сонымен қатар, бір ауыл тұрғыны «Сыбаға» бағдарламасымен алған несиесіне ірі қара малын асылдандыру ісін қолға алды. 2016 жылы ауыл тұрғыны А.Сейітова «Байқоңыр әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ арқылы қайтарымсыз грант жобасынан кондитер цехын ашу үшін 750 000 теңге ұтып алды. 2016 жылы ауылдық округі әкімінің қабылдауында 10 азаматтың өтініші қаралып, оң шешімін тапты.