КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ
Бүгін Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімі Ә. Бегайдаров ауыл тұрғындарымен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Елді мекенде инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп, 24,8 шақырым электр желісі тартылды, 3 трансформатор орнатылды. 12,2 шақырым көшеге тастақ жол салынды.
Ауылдық округі бойынша 29 адам, 46 млн 500 мың тенге шағын несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда. Сонымен қатар, пластикалық есік-терезе жасайтын цехтар мен жем әзірлейтін өндіріс орындары ашылды. «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының І бағыты бойынша елді мекеннің инфрақұрылымына 16 адам жұмыспен қамтылды. ІІ бағыты бойынша 6 азамат 19 млн 400 мың теңге несие алып, мал шаруашылығын дамыту бағытында жұмыстар жүргізуде.