ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Астана қаласында өткен «Халық сүйіктісі - 2016» ұлттық сыйлығын салтанатты табыстау рәсімінде «ЖЫЛ ФЕРМЕРІ» номинациясын Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, «Жан-Арай» ЖШС директоры Бақдәулет Мақашев иеленді.
Жалпы агросаланы дамытуға айрықша маңыз беріп отырған біздің аймақ үшін «Жан-Арай Жем» серіктестігінің орны ерекше. Осыдан бес жыл бұрын СПК «Байқоңыр» АҚ «ҰК»мен бірлескен жоба аясында құрылған серіктестіктің зауыты бүгінде тәулігіне 80 тонна құрама жем шығарады.
Сондай-ақ кәсіпорын тәулігіне 150 тонна күріш ақтайды. Бүгінде агроөнеркәсіп кешеніндегі екі зауытта 250 жұмысшы бар. Сонымен қатар, «Жан-Арай» облыста алғаш болып қаз бен үйрек етін өндіруді жолға қойған кәсіпорын.