«КӨКЖИЕКТІҢ» КӨМЕГІ
Тасбөгет кентінде үйден оқытылатын балалар үшін «Көкжиек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен коррекциялық сабақ өтті. «Социум» жобасы аясында өткен шараның демеушісі Қызылорда облыстық Азаматтық Альянс қауымдастығы.
Қор басшысы Айман Тұрбаеваның айтуынша коррекциялық сабаққа кенттегі 4 мектептен 15 бала шақырылды. Жалпы шараның өтуіне №172 мектеп психологы Ақнұр Қарамырзаеваның көмегі көп болды.
Әртүрлі жастағы балалар үшін сабақта талқыланған тақырыптар бойынша сұрақтар дайындалды. Қазақ және орыс тілі пәндері бойынша викториналар ұйымдастырылды. Арасында музыкалық үзілістер болды. Шараға оқушылардың ата-аналары да қатысты.
- Қызым кенттегі № 11 мектептің 7 сыныбында оқиды , - дейді кент тұрғыны Жанат Шәкиева. – Біз мүмкіндігі шектеулі балаларға әрдайым қамқорлық танытатын «Көкжиек» қорына ризамыз. Осындай шаралар арқасында біздің балаларымыз қатарларынан кем қалмай өсіп келе жатыр. Біз үшін ең бастысы осы.
Дәріс соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.