КРИПТОВАЛЮТАДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ
ҚР Ұлттық Банкі Қазақстанда криптовалюталарды пайдалана отырып халыққа инвестициялық қызмет көрсететін ұйымдардың жұмыс істейтіндігін хабарлайды.
Бұл ұйымдар қазақстандықтарға криптовалюталарды сатып алу мақсатында қолма-қол ақша енгізу жолымен, сол сияқты қолма-қол ақшасыз тәртіппен интернет желісі арқылы олардың бағдарламаларына қатысуды ұсынады. Бұл ұйымдардың өкілдері сатып алған криптовалюталар бойынша жеке тұлға клиенттерге қаржы нарығындағы қолданыстағы мөлшерлемелермен салыстыруға келмейтін, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жоғары кірістерді (тым артық пайыздар) уәде етеді. Жоғары сыйақылар жаңа клиенттердің ақшалай түсімдерін тарту есебінен төленеді. Ақша ағыны тоқтатылған немесе жетіспеген кезде бұл ұйымдар жабылып, барлық төлемдер тоқтатылады. Криптовалюталардың ресми ақша бірлігіне не өзге де нақты активтерге байланысы, сондай-ақ тиісті қамтамасыз етуі және оларға қызмет көрсету операциялары бойынша заң тұрғысынан жауапты субъектілерге қатысы жоқ. Бұдан басқа,криптовалюталардың айналыс процесі орталықтандырылмаған, және оны реттеу мүмкіндігі жоқ. Бұл ретте осы ұйымдардың пайдасына ақша енгізген қатысушылардың салынған ақшаны қайтаруының құ қықтық кепілдіктері жоқ, себебі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бұл ұйымға кіру және жеке тұлғалардың ақша енгізуі ерікті негізде жүзеге асырылады және ол қандай да болмасын құжаттандырылған рәсімдермен бекітілмейді.
«Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың қызметі ҚР Ұлттық Банкі тарапынан реттелуге жатпайтынын атап өтеміз» делінген хабарламада.
«Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың қызметі ҚР Ұлттық Банкі тарапынан реттелуге жатпайтынын атап өтеміз» делінген хабарламада.