ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ТАПҚАНДАР КӨБЕЙДІ
Бүгін Сырдария ауданы Бесарық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ғ.Каюпов ауыл тұрғындарына есеп берді.
Өз есебінде округ әкімінің міндетін атқарушы былтыр атқарылған тірліктерді тарқата айтты. Жыл көлемінде 13 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, 20 тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды. Жергілікті әкімдік қолдауы арқасында мүмкіндігі шектеулі 1 тұрғын да жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 13 азамат несие алып, өз кәсібін бастады.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 13 азамат несие алып, өз кәсібін бастады.