АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Бүгін Шиелі ауданы Керделі ауылдық округінің әкімі Ф. Ержан 2016 жылы атқарылған жұмыстар барысын баяндау үшін тұрғындармен кездесті.
«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында Н.Бекежанов елді мекенінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша 8,4 шақырым электр желісі жүргізіліп, 4 дана трансформатор орнатылады, 6,8 шақырым ауыз су құбыры тартылып, көшеге 3,9 шақырым тастақ жол салу жұмыстары жүргізілген.
Өткен жылы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 2 азамат, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 13 тұрғын несие алып, мал кәсіппен айналысуда. Тағы бір кәсіпкер шағын тігін цехын ашып, жерлестеріне қызмет көрсетіп отыр. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Күзенбай Шереханұлы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 13 млн. 700 мың теңге несие алып, мал шаруашылығын дамытуда.