ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШТЕРІ ҰДАЙЫ НАЗАРДА
Бүгін Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылдық округінің әкімі Қ.Өлментай ауыл тұрғындарына өткен жыл шеңберінде атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.
Былтыр ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылды. Осы округке қарасты Далдабай ауылының тұрғыны С.Сүлейменов «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты аясында алған 3 млн. теңге шағын несие алып, 12 бас мүйізді ірі қара сатып алуға жұмсады. Қаракеткен ауылының тұрғыны Р.Жылтырова да 2,5 млн. теңге несиеге 10 бас жылқы алды. Жеке кәсіпкер С.Абуов «Құлан» бағдарламасы бойынша несие алу үшін тиісті құжаттарын дайындауда. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 4 жас жұмысқа тартылды.
«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» аясында бөлінген 9 млн. теңгеге Жалағаш көшесі (мердігер «Бал-АйК» ЖШС) асфальтталды.
Жыл ішінде жеке және заңды тұлғалардан 12 өтініш түсіп, 5 жеке қабылдау өткізілді. Онда айтылған мәселенің бәрі шешімін тапты.