54 КӘСІПОРЫННАН ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨНДІРІЛДІ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев, мемлекеттік кірістер департаменті борыштармен жұмыс басқарма басшысы Ақжігіт Базархан, сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Ербол Рүстемовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекциясы әр түрлі меншіктегі 357 мекеме мен кәсіпорындарды тексерген. Нәтижесінде, 452 заң бұзушылық фактісі анықталды. Жұмыс берушілерге анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 233 нұсқама берілген.
Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес былтыр барлығы 17,5 млн. теңге мөлшерінде 88 айыппұл салынды. Өткен жылдың басынан бастап, облыс бойынша 55 мекемеде жалақы қарызы 949,2 млн. теңгеге өсті. Дегенмен, күнделікті мониторинг нәтижесінде 54 кәсіпорынның 5594 жұмысшысына 943,8 млн. теңгенің жалақысы өндіріліп берілген.