МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНАН ДАРВИН ТЕОРИЯСЫ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ
Түрік оқушыларына бұдан былай Чарльз Дарвин эвоюлюциялық теориясы туралы айтылмайды.
Бұл туралы Түркияның Білім және ғылым министрлігі Исмет Йылмаз мәлімдеді, деп хабарлайды Turkishminute порталы. Министрдің айтуынша, жаңа оқу бағдарламасы биылғы оқу жылына енгізіледі. Жоғары сыныптардың биология пәнінің оқулықтарынан эволюциялық теория алынып тасталды. Оның орнына қоршаған ортаның генетикалық өзгерістерге ықпалы туралы тарау қосылады. Ведомство басшысы министрліктің бұл шешімі туралы журналистердің сұрағына Дарвин бойынша эволюция – «бұл жай ғана теория» деп жауап берді.
«Дарвиннің еңбегі – бұл тек теория, ғылым осылай дейді. Дәл осындай физикадағы Үлкен жарылыс теориясы бар. Бұл жеке талқылауды қажет етеді», - деп түсіндірді Исмет Йылмаз.
«Дарвиннің еңбегі – бұл тек теория, ғылым осылай дейді. Дәл осындай физикадағы Үлкен жарылыс теориясы бар. Бұл жеке талқылауды қажет етеді», - деп түсіндірді Исмет Йылмаз.