САЛМАҒЫ ЖАРТЫ ТОННАҒА ЖУЫҚ ХАН-БАБА ӨЗІН ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КҮШТІ АДАМ САНАЙДЫ
Пәкістанда өзін әлемдегі ең күшті адам санайтын 25 жасар жігіт тұрады, деп хабарлайды www.kulturologia.ru. Салмағы 436 келі тартатын Хан-Баба өзін комикс кейіпкері Халкпен салыстырады және реслингтен әлемде бірінші болуды армандайды.
Салмағы 436 келі тартатын Хан-Баба
Әлеуметтік желілерде Хан-Баба лақап атымен танымал оның шын ныспысы Арбаб Хизер Хаят. Пәкістандағы Мардан қаласының тумасы. Ғаламторда Хан-Бабаның бір қолмен трактор тартып тұрған суреті жарияланды. Бірақ ол «Бұл менің мүмкіндігімнің шегі емес» дегенді айтуда. Жуырда ол пәкістандық журналистерге 2012 жылы Жапонияда өткен сайыста 5 тоннаға дейін салмақ көтергенін хабарлады. «Бұл рекордты ешкім де жаңарта алмайды, оған тіпті Халктың да әлі келмейді» деп мақтанады Хан-Баба.
Қара күш иесі ауқатты отбасында дүниеге келген. 18 жасынан бастап аяқ асты өсе бастаған жас жігіт бұл құбылысты қызық көріп калориялық диетаға отырады. Қазір Хан-Баба күніне 10000 калорияға дейін тұтынады. Пәкістандық Халк таңертеңгілік асқа 36 жұмыртқа, 4 тауық, 3 келі ет жеп, 5 литр сүт ішеді .
Хан-Баба артық салмақтан енқандай қысылмайтынын жиі айтады. Қайта оған елден ерекше болып жүрген қатты ұнайды екен. Бойы 190 сантиметр, салмағы 436 келі тартатын жігіт автокөлікке сыймағасын өзіне арнайы үлкендеу көлік алған.
Оның бар арманы реслингтен өткен жарыста жеңіп шығып, әлемде бірінші атану. Туған қаласында кәдімгідей танымал Хан-Бабамен суретке түсуге құмарлар көп, анда-санда жергілікті арналарға сұхбат та беріп қояды.